Елордалық «Локомотив» командасы Өскеменде ойын өткізеді

ӨСКЕМЕН. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменде жергілікті «Восток» командасы мен елордалық «Локомотивтің» кездесуі болады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қонақтардың құрамында ресей футболының жұлдыздары Андрей Тихонов пен Егор Титов ойнайды, ал ұжымды кезінде атақты футболшы болған, қазір жаттықтырушы Сергей Юран басқарады. Қонақтар ел Кубогын жеңіп алуға, сондай-ақ еурокубоккқа қатысу құқығына ниетті. Таратылған «Алматы» және «Мегаспорт» футбол клубтарының негізінде құралған елордалық команданың құрамында жоғарыда аталған ойыншыларға қоса, қазақстандық түрлі клубтарда ойнаған Нестеренко, Карпович, Байжанов, Пахолюк, Әшірбеков сынды ойыншылар мен легионерлер ? нигериялық Овие мен молдаван Вадуца ойнайды.