Елордалық Мәдениет басқармасы «ҚазАқпарат» ХАА ұжымын 95 жылдығымен құттықтады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов «ҚазАқпарат» ХАА ұжымын 95 жылдығымен құттықтады.

«Құрметті Дәурен Кеңесұлы!»

Шын жүректен Сізді және Сіздің ұжымыңызды мерейтойларыңызбен құттықтаймын!

95 жылда Өзіңіз басшылық ететін ақпарат орталығы - өмірдің сан саласындағы жаңалықтардың жаршысына айналды. Ақпарат агенттігінің қаламы қарымды тілшілері еліміздегі тарихи оқиғаларды халыққа жеткізіп келеді. Бүгінде «ҚазАқпарат» редакциясы өзінің кәсіби шеберлігін дәлелдеп берді.

Ұжымыңызға қажымас қайрат, таусылмас табыс, сарқылмас шабыт тілей отырып, жаңа белестерден көріне берулеріңізге тілектеспін.

Ізгі ниетпен, Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Б. Мажағұлов,-делінген құттықтауда.