Елордалық мәслихат депутаттары көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді
21:38, 02 Қараша 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық мәслихат депутаттары «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалымен бірлесіп №16 сайлау округының тұрғындары үшін көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.
Кездесудің мақсаты тұрғындардың өзекті мәселелерін анықтау және заңнама нормаларын түсіндіру болып табылады, деп хабарлайды astana.kz.
Көшпелі қоғамдық қабылдау жұмысына 25 мемлекеттік органның өкілдері қатысты. Шара барысында 40 аса адамға кеңес берілді, олардың ұсыныстары ескерілді. Қала тұрғындарын негізінен әлеуметтік төлемдер, жұмысқа орналасу және медициналық көмек мәселелері бойынша жүгінген.