Жергілікті атқару органдарының қолдауымен салынып жатқан өрт сөндіру бөлімдерінің құрылыстары 2021 жылы басталған.
«Үркер шағын ауданында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылысы жүріп жатқан өрт сөндіру депосы 2 шығуға арналған. Көктал шағын ауданына қызмет ететін өрт сөндіру депосы 4 шығуға арналған және жанында пәтер үлгісінде қызметкерлерге арналған қызметтік жатақхана салынуда. Құрылыстардың аяқталуы 2023 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған», - деп хабарлады ТЖМ-нан.
Депутаттардың осы өрт сөндіру деполарына келуінің басты мақсаты құрылыс барысымен танысып, проблемалық мәселерін талқылау болып отыр.