15 мамырда № 5, 2, 6 және 10 қалалық емханаларда Ашық есік күндері өтеді. Шара аясында барлық тұрғындар білікті мамандар тарапынан тегін консультациялар ала алады.
Сол күні №2 қалалық емхана аумағында «Әке, ана және мен - спорттық жанұя» атты жарыс өткізіледі. Сондай-ақ, №5 қалалық емханада «Бірге болсақ, жеңілмейміз» атты тренинг ұйымдастырылады. №3 қалалық емханада отбасыларды әлеуметтік қорғау бойынша дөңгелек үстел жұмыс істейді.
Отбасы күні аясында 18 мамырда №4 қалалық емханада сағат 11:00-15:00 аралығында Ашық есік күні өтеді. Тұрғындар уролог, акушер-гинеколог, дерматовенеролог, терапевт, педиатр, психолог мамандарынан көкейдегі сауалдарына жауап ала алады.
Барлық шаралар отбасылық құндылықтарды, отбасының оң имиджін және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.