«Мұғалімдердің жедел әрі бірлескен әрекеттерінің арқасында ғимараттан уақытында 2000 оқушы шығарылды. Бұл көбінесе бұрын өткізілген оқу-жаттығулардың нәтижесі. Жану техникалық қызметкерлерге арналған қосалқы орында болған. Зардап шегушілер жоқ», - деп басқарманың баспасөз қызметі мәлімдейді.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада №61 орта мектепте өрт болған. Мектеп әкімшілігі өз бетімен 2212 адамды, олардың 2096 баланы өрт сөндіру тобы келгенге дейін шығара алды. Ауданы 10 шаршы метр болатын аумақта жиһаз бен жеке заттар жанған.