деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметінен.
Төтенше оқиға қала маңындағы Көктал-1 кентіндегі №40 мектептің үшқабатты ғимаратында, дүйсенбі күні сағат 14.06-да болды. «Ғимараттың бірінші қабатында орналасқан кабинеттердің бірінде 6 шаршыметр ауданды өрт шалды», деп хабарлайды төтенше жағдайлар ведомствосынан.
Құтқарушылардың мәліметтері бойынша, шкаф өртенген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт елордалық өрт сөндіру қызметі департаментінің: 37 адам мен 5 техниканың күшімен жарты сағаттың ішінде ауыздықталды.