деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кеше Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік пультіне белгісіз біреу қоңырау шалып, әл-Фараби ықшамауданындағы №38 орта мектептің ғимаратына жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабарлады.
«Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында ешқандай жарылғыш құрылғы табылған жоқ. 570 адам қауіпсіз жерге көшірілді, олардың 520-сы - балалар. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ»,- делінген ведомствоның ақпаратында.
Төтенше оқиғаны жоюға жедел әрекет ету қызметінің 30 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды.