Елордалық мүгедек жандар таксимен тегін қатынауға мүмкіндік алды
Осылай астаналық 435 мүгедек қаланың кез келген нүктесіне тегін қатынауға мүмкіндік алды.
Екі жыл бұрын осындай қайырымдылық шараларды бастаған «Сәби» қорының вице-президенті Оксана Ермашованың атап өтуінше, бүгінгі таңда еліміздің 9 қаласында инватаксилер қызмет көрсетеді. Таяу арада мүгедек жандар үшін тағы 3 қалада осындай игілікті іс қолға алынбақ.
«2 жылдан астам уақыт ішінде қор 35 автомобиль сатып алып, Қазақстан қалаларындағы мүгедектер қоғамдарына берді. «Фольксваген» маркілі бұндай арнайы жабықталған көліктің құны 1,5 миллион доллар тұрады. Олардың әрқайсысы көтеріп, түсіретін арнайы құрылғымен және көлік салонында арбаның нық тұруы үшін қажетті жабдықпен қамтылған», деп атап өтті ол өз сөзінде.
Аталған шараға қатысқан Астана қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Алма Алтыбаеваның атап өтуінше, қазіргі уақытта елордада 15200-ден астам мүмкіндігі шектеулі жандар тіркелген. Оның 435-і арбаға таңылған адамдар.
Қалалық көлік басқармасының мәліметтеріне сүйенген оның айтуынша, жалпы елордада мүгедектердің жүруіне ыңғайлы 47 «MAN» автобусы бар. «Алайда қала аялдамалары мүгедектердің автобусқа мініп, түсуіне ыңғайлы етіп жасалмаған», дейді ол.