Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Білім Орда» халықаралық қоғамдық қорына қарасты «Spectrum» халықаралық мектебі бұл жарысты биыл 5-ші рет өз базасында өткізді. Биыл оған 652 оқушы қатысты, соның ішінде Қазақстаннан бөлек бірқатар шет елдерден, атап айтқанда Қырғызстан мен Сербиядан келгендер бар. Екікүндік сайыс барысында оқушылар дебат, эссе жазу, тестілеу және викториналық сұрақтарға жауап беру сияқты жарыс түрлеріне қатысып, бақ сынаған.
Айта кетерлік маңызды жаңалықтың бірі ағымдағы жылы 8-13 шілде аралығында WORLD SCHOLAR'S CUP GLOBAL ROUND кезеңі де Қазақстанда өтеді. Бұл сайыс әлемнің 5 елінде өтеді. Соның бірі Қазақстан болып, ол жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 1000-ға тарта оқушы қатысады деп жоспарланған.
«Былтыр GLOBAL ROUND кезеңіне біздің оқушыларымыз Куала-Лумпурға барған болатын. Биыл өз елімізде өтетін болады. GLOBAL ROUND кезеңінен өткен оқушылар АҚШ-тағы Йель университетінде финалға қатысады», - делінген баспасөз баянында.