Елордалық оқушылар мен студенттер жолақыны қалай төлейді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында елорданың білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрибеленушілерінің қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы шешім мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын Астана қаласы барлық білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте келесідей жол жүру құқығын беру ұсынылады. 7 жастан 18 жасқа дейінгі білім алушылар мен тәрибеленушілер үшін мектеп көлік картасымен міндеті валидациялау кезінде балалардың жол жүру құны – 0 теңге. 18 жастан асқан білім алушылар мен тәрибеленушілер үшін, жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы отбасы балаларына, АӘК алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс шамасынан төмен отбасы балаларына маусым-тамыз айларындағы кезеңді қоспағанда, ай сайын айлық жол жүру қала келісімшартымен толықтырылады», - деп түсіндірді Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев

Басқарма басшысының айтуынша, жалпы 237 мың бала осындай жеңілдікпен қамтылады.