Елордалық Оқушылар сарайында «Қазақстан - менің Отаным!» атты балалар суретінің қалалық байқауы өтеді

None
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - 23 қаңтар күні Оқушылар сарайында «Қазақстан - менің Отаным!» атты балалар суретінің қалалық байқауы өтеді, деп хабарланды astana.kz. сайтынан.

Байқауға 3 жастан 18 жасқа дейінгі орта және мамандандырылған білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері қатысады.

«Аталған байқаудың мақсаты - балалардың бойында адамгершілік, рухани құндылықтар мен патриотизмді және ұлттық мәдениетке деген құрмет сезімін қалыптастыру», - деп мәлімдейді Оқушылар сарайынан.

Қатысушыларға көркем жұмыстар үшін: «Астана - арман қала», «Тәуелсіз Қазақстан», «Отаным - алтын бесігім», «Астана - болашақ қаласы», «Қазақстан - 2030» бірнеше тақырыбы ұсынылады .

Суреттер Оқушылар сарайының галереясына қойылып, сол жерден қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды.