деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Пәтер кілттерінен бөлек елорда басшысы биылғы жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі бойынша 100-ден жоғары балды барынша көп жинаған және республиканың үздік 100 мектебі қатарына енген 4 мектеп ұжымына алғыс хаттарды табыс етті.
Өз кезегінде ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев білім саласының 9 қызметкерін «ҚР құрметті қызметкері» төсбелгілерімен және 3 қызметкерді министрліктің «Ы.Алтынсарин» атындағы белгісімен марапаттады.
Педагогтарды алдағы оқу жылымен құттықтаған министр, қазіргі таңда Қазақстан сауаттылық деңгейі жағынан АҚШ, Ресей және Ұлыбритания сияқты елдердің алдын орап, 178 мемлекеттің ішінде 14 орынды алып отырғанын, ал ЮНЕСКО-ның биылғы жылы жасаған дүниежүзілік ресми баяндамасына сәйкес біздің республика 129 елдің ішінде 1-ші орынды иеленгенін жеткізді.