Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Әкімшілік полиция басқармасынан хабарлады.
Шара барысында полицейлер оқушыларға жолда жүру ережесін қатаң сақтауды терең түсіндіретін болады. Одан кейін мамандар жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балалармен кездесіп, психологиялық көмек көрсетеді.
Жедел-профилактикалық шара барысында тәртіп сақшылары жалпы білім беретін мекемелер мен жасөспірімдер жиі жиналатын алаңдарды күзететін болады. Ал, 1 қыркүйекте полицейлер қала мектептеріне барып, оқушыларға мектеп формасын, сөмкелер сыйлайды. Аталған мекеменің мәліметінше, жыл басынан бері елордада кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен болған 60 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Көбіне мұндай жағдай балалардың жолда алаңғасарлыққа салынып, ұялы телефон пайдаланып немесе музыканы бар дауысына шығарып, көліктердің дыбысына мән бермегенінен болады екен.