Қалалық Полициядепартаментінен мәлім еткендей, іс-шара дәстүрлі түрде тұрғын үйлердіңаулаларында өтеді. Онда полиция қызметкерлері әртүрлі сұрақтар бойынша кеңесбереді. Онымен бірге, «шұғыл желі» ұйымдастырылған. Ол полицейлерге сұраққойғысы келетін барлық адамдарды қамтуға арналған.
Мысалы, КененӘзірбаев көшесі аулаларының бірінде полиция қызметкерлері ПИК төрағасымен бірге«Аулаларда қабылдау» акциясына қатысты. Аудан тұрғындары көбіне түнгі уақыттатыныштықты бұзу, жол қоғалысы ережесінбұзу, бейнебақылау камераларының жұмысы, түнгі уақытта спирттік ішімдіктер ішу жәнетағы да басқа мәселелерге қатысты сұрақтарын жеткізді.
Қабылдауларғаәкімшілік, көші-қон және жергілікті полиция басшылығы қатысады. Оларға қатыстыкөптеген сұрақтар келіп түсуде. Азаматтар жазылмай-ақ, сұрақтарын тікелей қоябереді. Оның ішінде, шұғыл шараларды қажет ететін мәселелер де қаралады.
«Ішкіістер органдарының алдына қойылған басымдықты міндеттердің бірі халықтыңполиция қызметіне деген сенімін арттыру болып табылады. Біз халықпен жұмысістеудің жаңа форматын іздеуге тиіспіз. Ашықтық пен жариялылық – халықпен жұмыс істеудің қазіргі үлгілерініңбірі болып табылады», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментібастығының орынбасары Сабыр Жүсіпбеков.
«Бүгінгітаңда қалада 551 басқарушы ұйым бар. Учаскелік инспекторлар ПИК отырыстарынаапта сайын қатысып, азаматтарды орындарында қабылдайды. Осылайша, ағымдағыжылдың 6 айының қорытындысы бойынша қылмыс деңгейі төмендеді. Ауыр және асаауыр қылмыстардың, оның ішінде қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатынұрлықтар мен қылмыстардың жалпы саны азайды.Қылмыстардың саны қоғамдық орындарда - 29,6%, көшелерде 41,7% қысқарды», - дедідепартаменттен.