АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының қаржы полициясы Алматы аудандық Салық басқармасының бөлім бастығы Е.Қалдарбеков пен К.Қасеноваға қатысты бірқатар қылмыстық іс қозғады, деп хабаралады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
Олар 2014 жылдың қаңтарында алдын ала сөз байласып, өздерінің өкілеттігіне кіретін мәселелердің оң шешілуіне көмектесу желеуімен заңды тұлғалардан пара алған. Пара көлемі 20 мыңнан 450 мың теңгеге дейінгі соманы құраған.
«Қалдарбеков сот санкциясымен тұтқындалып, Астана қаласының тергеу орнында ұсталуда. Ал Қасеноваға қатысты үй қамағы түріндегі шара қолданылды» делінген хабарламада.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.