Елордалық саябақта Олимпиадашылар алаңы болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қала сағаты, Даңқ аллеясы және американдық төбешік. Астанада елорда күніне қарай осының бәрі де болмақ. Орталық саябақта қазірдің өзінде ауқымды жаңғырту жұмыстары басталып кетті, деп хабарлады «7 арна».

Астананың орталық саябағының елордалық кезеңінде алғаш рет ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Мұндағы айшықты орын стеладағы сағат болмақ. Сонымен бірге, бұрынғыдан да биік жаңа айналаны шолу дөңгелегі және көптен күткен американдық төбешік болады.

Құрылысшылар сәулетшілердің идеяларын мерзімінде орындап шығуға күш салады. Металл құрастырмаға Астананың болашақ көрнекті орны - сағат ілінді. Стеланың айналасындағы төрт қуыс, жылдың төрт мезгілін бейнелейді, дейді жоба авторлары.

«Сондай-ақ жобада су арнасын жаңарту көзделген, біз оны 25 метрге дейін кеңейтеміз, арнадағы құс аралын сақтап қаламыз, онда үш түрлі көпір орнатылады», - деп әңгімелейді жоба сәулетшісі Евгения Петрова.

Сағаттан саябаққа аллея жалғасады, мұнда бұлақтар, жаңа субұрқақтар болады. Қазіргі ағаштарға қоса жазға қарай қайың, қарағаш, жөке көшеттері егіледі.

«Бұл саябақта 10 мыңдай ағаш болуы тиіс. Олардың 1400-і қылқан жапырақты, қалғандары жапырақты ағаштар - ақ қайың, жөке, тағы басқа түрлері» - дейді Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Солтанбаев.

Сондай-ақ саябақта өзінің олимпиадашылар алаңы болмақ, онда қазақстандық чемпиондар мен жүлдегерлердің тізімі жазылады. Мұнда адамдар спортпен және белсенді демалыспен айналысуға жағдай жасалады.