деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кешесары көшесінің бойында орналасқан 17 қабатты «Шапағат нұры» тұрғын үй кешенінде кеше, шілденің 15-і күні сағат 09.36-да өрт болды. 12-ші қабатта орналасқан пәтерлердің бірінен өрт шығып, 16 шаршы метрдей аудан өртеніп кеткен. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру барысында 52 адам көшірілді.
Өрт Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің күшімен сөндірілді.