Елордалық спортшы ару тау шыңын бағындырды
Естеріңізге сала кетейік, 1-21 тамыз аралығында альпинизмнен ҚР чемпионаты өтті. Кира Федорова өзге де спортшылармен чемпионатқа қатысып, Ленин шыңын бағындырды.
Ленин шыңы - Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасы арасында Памир тауының жүйесінде орналасқан. 7 134 метрлік тау Заалай жотасының ең биік шыңы әрі болып табылады. Өз кезегінде ол Қырғызстанның жетімыңыншы үшінші шыңы болып табылады. Басқа екі жетімыңыншы - Жеңіс шыңы (7439 м) және Хан-Тәңірі шыңы (7010 м) биіктікті сүйетін спортшылар арасында кеңінен танымал. Дегенмен Ленин шыңы бұқаралық альпинизм үшін қолжетімді.
Тауға шығуға ТМД, Еуропа, АҚШ елдерінен 300-ден астам альпинист қатысты. Оның ішінде 10 қазақстандық спортшы бар. Айта кетейік, елордалық «Жігер» клубынан 4 спортшы қатысты.