Будапешт қаласында үстел теннисінен осы маусымдағы бірінші әлемдік тур аяқталды. 21 жасқа дейінгі топта Астана қаласы әкімдігінің Мамандандырылған жоғары спорттық шеберлік мектебінің өкіілі Кирилл Герасименко ақтық сында 3:2 есебімен француз Аккузу Каннан басым түсті.
«Әлемнің мықтыларынан айламды асырып, чемпион атанғаныма қуаныштымын. Соңғы ойындарда күрес қиынға соқты. Бірақ осындай мүмкіндікті жібермеуге тырыстым, қиын сәттерде ата-анам, ағаларым туралы ойладым, олар да мен сияқты споршылар», - дейді Кирилл Герасименко.