Сонымен қатар, студент ЖОО-ға өзіне келтірілген моральдық шығынды да өтеуді талап еткен.
«Сот арыз берушінің әскери кафедрадан заңсыз шығарылғанын анықтады. Студент кафедрада 2018 жылдың 21-24 мамыры аралығында өткен оқу-жаттығу жиынынан себепсіз қалды деген желеумен шығарылған. Алайда ол кезде дәрігерлік комиссияның шешімімен студент 2018 жылдың 21 мамыры мен 31 шілдесі аралығында денсаулығына байланысты әскери кафедрадан босатылған. Білегі мен санынан жарақат алған», - делінген Сарыарқа аудандық №2 сотының баспасөз қызметінен.
Сот шешімімен, арыз берушінің шағымы ішінара қанағаттандырылып, студентті әскери кафедрадан шығару шешімі негізсіз деп танылды. Оның әскери кафедрада оқуы қалпына келтіріліп, студентке өтемақы берілетін болды.
Үкім заңды күшіне енді.