«Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында елордалық полицейлер Нұр-Сұлтан қаласының «Байқоңыр» ауданының аумағындағы жылу трассаларына, қоқыс тастайтын орындарға, қараусыз қалған ғимараттар мен жертөлелерге тексеру жүргізді. Үйі жоқ адамдар жиналатын орындарды тексеру арқылы рейдтік іс-шара өткізілген еді.
Іс-шараның негізгі мақсаты - тұрғылықты мекені жоқ адамдарды, есірткі притондарын және басқа да ықтимал заңсыз және есепке алынған контингентті анықтау болатын.
Екі күн ішінде учаскелік полиция инспекторлары қала әкімдігінің қиындыққа тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығына үйі жоқ 40-қа жуық адамды жеткізді. Онда барлық адамдарға медициналық көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, жеткізілген адамдардың арасында Ақмола облысының 39 жастағы тұрғыны анықталды. Ол бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Табылған әйелді туыстары алып кетті.