Бұл туралы бүгін журналистерге Астана қалалық Ішкі істер департаменті Тергеу басқармасының бастығы Ғұмар Шыныбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін, сәуірдің 6-сында тергеу органдарының құрылғанына 47 жыл толды.
«Астаналық Ішкі істер департаментінің құрылу кезеңінде білікті мамандардан, тәжірибелі тергеушілер мен жауапты басшылардан тұратын тергеу аппаратының кәсіби ортасы қалыптасып, тергеу басқармасы жұмысының тиімділігі арта түсті», дейді ол.
Тергеу басқармасының бастығы Ғ. Шыныбеков, елордалық тергеушілердің жоғары кәсібилілігінің бір көрінісі ретінде - Евлоев ісі, Цеснабанкті жерасты тоннелі арқылы тонау әрекеті ісінің ашылуын ерекше атап өтті.