«Бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» мен «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының мүшелері ұсынған сhallenge жастар арасында кеңінен қолдау табуда.
Қалалық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, қазірдің өзінде Нұр-Сұлтанда 24 мектеп аста-көк шара мен лимузиндер жалдап тойлаудан бас тартты. Олар түлектер кешін мектеп қабырғасында өткізуді ұйғарған.