Қазіргі уақытта құтқарылған адамдардың барлығы қалаға жеткізілді. Құтқарушылар Астрахань тас жолы, Нұр-Сұлтан-Павлодар-Көкшетау тас жолы, Қосшы кенті, «Теміржолшылар» тұрғын алабын патрульдеуде.
Естеріңізге салсақ, 23 қаңтарда Төтенше жағдайлар департаментінде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды үйлестіру үшін қаланың азаматтық қорғау қызметтерінің қатысуымен жедел штаб құрылып, қауырт желі іске қосылды.
Қала жолдары мен көшелерінде қарды аршу және шығару жұмыстарына 1 444 жол жұмысшысы мен 1 265 техника жұмылдырылды.