ТЖД-ның Facebook-тегіпарақшасында бес қабатты тұрғын үйде шыққан өрт кезінде адамдардың қалай құтқарылғаныжөнінде видео жариялады.
«Елордалық өртсөндірушілер жалынды сөндіру кезінде 5 адамды құтқарды, оның біреу бала. Өртсөндірушілер оларды бетперде кигізіп, сыртқа шығарды. Олар қалың әрі улы түтінбасып кеткендіктен пәтерден шыға алмай қалған. Бес қабатты тұрғын үйде электр қалқаныкешкі сағат 10-дарда тұтана бастаған. Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға болғанжерге жылдам келіп жетті, жедел қимылдың және ұйымдасқан әрекеттің арқасында өрттолығымен сөндірілді», делінген хабарламада.