Ыстамбұлда өтетін ойынды тамашалауға келушілер үшін орын саны шектеулі. Сондықтан ұйымдастыраушылар жанкүйерлерден матчқа алдын ала келіп орын алуларын өтінеді, деп хабарланған «Астана» ФК сайтында. Зал сағат 00.30-дан бастап ашылады. Кіру тегін.
07:17, 07 Желтоқсан 2015
Елордалық жанкүйерлер «Астана»-«Галатасарай» матчын «Қазмедиа орталығында» тамашалай алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 желтоқсаннан 9-ына қараған түні елордадағы «Қазмедиа орталығы» киноконцерт залында «Астана» президенттік кәсіби спорт клубы «Астана»-«Галатасарай» футбол клубтарының арасында УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің қорытынды матчының тікелей көрсетілімін ұйымдастырады.