«Данила Козловскийдің «Тренер» фильмі прокатқа шықты. Ондағы басты кейіпкерлердің бірін сомдаған Асқар Ілиясов Мәскеудегі Б.Щукин атындағы театр интитутының түлегі. Қазір ол Мәскеу академиялық сатира театрында жұмыс істейді», - деп жазады Astana film fund компаниясы Инстаграмдағы парақшасында.
Асқар бұдан бөлек режиссер Ақан Сатаевтің «Бизнесмендер» кинокартинасына түскен. Бұл - 90-шы жылдарда бизнес ашпақ боллған үш достың оқиғасына негізделіп түсірілген фильм. Аталмыш туынды прокатқа 2018 жылдың күзінде шығады деп жоспарланған.