Жаңа өнер ордасықала қонақтарына өз шымылдығын «Шекспир қиялы» спектакльімен ашты. Театрансамбльі 15 жас таланттардан құралған.
Атап айтсақ,театр директоры Жекебатыр Камен, режиссер Аян Әлімбаев, көркемдік жетекші СабырБатырхан, актер-актриса қыз-жігіттер: Аяулым Муминова, Маргулан Наменов,Айжарқын Абай, Сабира Сугурова, Дархан Алдонғаров, Нұрғазы Жұмабай, АянБатырбек, Әлібек Еріков, Каламышева Ұлжан, Мадияр Жақып, Расул Ерназаров жәнеАсхат Байтілеу. Барлығы халықаралық және республикалық конкурстардың лауреатыатанған жастар.
Театрдыңбасқалардан ерекшелігі бір қойылымды үш тілде өткізуінде. Яғни, осығандейін ешбір театр бұл бағытты ұстанған емес. «Шекспир қиялы» спектакльіне лықтолы зал жиналды.
ҚойылымғаНұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісіЛәззат Құсайынова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММбасшысы Нұралы Айдашев, ҚазҰӨУ тәрбие жұмысы жөніндегі проректор ҚымбатТілеуова, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драматеатрының актрисасы Айнұр Бермұхамбетова, ҚазҰӨУ ұстаздары мен жалпы театрсүйер қауым келді. Сыншылар мен көрермендер алғашқы қойылымға жоғарыбаға берді.
ҚымбатТілеуованың сөзінше, жастар жылында жас буынды қолдау, біздің негізгімақсатымыз болып табылады деп есептейді. «Біздің мақсатымыз - жастардықолдау.
Астаналық заманауитеатр біздің елімізде жоқ өнер ордасының біріне айналары сөзсіз. Сіздерденкүтер үмітіміз зор»,- деп атап өтті шарада Қ.Тілеуова. Бір жарым сағаткөлемінде ән де айтылды, би де биленді, көрермен күлді әрі көңілі босады. «AZT»театрының алға қойған мақсаты биік.
Театр құрамындағыәрбір жас болашақта қазақ өнерінің аспанындағы жарық жұлдызға айналуды мақсатеткен. Ертеңнен бастап өнер ұжымы Рақымжан Отарбаевтың «Нашақор туралыновелла» атты драмасына дайындық жұмыстарын бастайды.