Қатысушыларжұмысының кәсібилігі мен тиімділігін Қазақстанның медициналық жоғары оқуорындары мен ұйымдарының өкілдері арасынан қазылар алқасы, сондай-ақ Италия менГерманияның халықаралық сарапшылары бағалады.
Жарыс барысындакомандалар белгілі бір клиникалық станциялардан өтумен ситуациялықтапсырмаларды шешті. Мысалы, анафилактикалық шок, нәрестенің реанимациясы,политравма және басқалар кезінде шұғыл көмек көрсету. «Оқиға» орнындаманекендер мен стандартталған пациенттер (пациенттерді бейнелейтін адамдар)қолданылды.
Айта кету керек,103 қызметі тәулігіне 2900-ге дейін өтініш қабылдайды және 1800-ге дейін қызметкөрсетеді. Тәулігіне елордаға 80 ГТҚС бригадасы мен 24 АМСК шұғыл жәрдембригадасы қызмет көрсетеді.
Елордалық жеделмедициналық жәрдем станциясы жоғары білікті мамандары бар және өз арсеналындазаманауи жабдықтары, дәрі-дәрмектер мен санитарлық автокөлігі бар қаланыңжетекші емдеу-алдын алу мекемелерінің бірі болып табылады.