«Планшеттер: GPS-навигатор, IP-телефония және электронды медициналық анықтамалық - негізгі үш функцияны атқарады. GPS-навигатор жедел жәрдем бригадасына қала көшелеріндегі тығынды айналып өтіп, жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. IP-телефония көмегімен жедел жәрдем қызметкерлері пациентпен тікелей байланысқа шығу мүмкіндігін алды. Электронды медициналық анықтамалықта аурулар, оның диагностикасы, емдеу тәсілдері мен дәрілік препараттар туралы қажетті ақпараттар топтастырылған», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, жедел жәрдем бригадасы мен қаланың 18 емдеу-профилактикалық мекемесі арасында тікелей телефон байланысы қамтамасыз етілді.
«Аталған жобаны енгізу халыққа ауруханаға дейінгі деңгейде медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қарқынын анағұрлым арттыруға, сондай-ақ, қайталама шақырулар мен кедергілерді азайтуға мүмкіндік туғызды», - деп санайды басқарма.