Елордалық жігіт жоғалған әкесін іздеуде
Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігі хабарлайды.
«Достар, сіздердің көмектеріңіз қажет. Алла мені және менің жақындарымды мұндай бақытсыздықтан қалқалап тұрады деп әр уақытта ойлайтынмын. Дегенмен, ешкімде тосын жайттан қорғалмағандығына кезекті рет көз жеткіздім. 2016 жылғы 8 қазан күні таңертең сағат 10:00-де 1960 жылы дүниеге келген Әлібеков Серік Кеңесұлы Астана қаласы Ертіс көшесі, 41-үй мекенжайынан шығып кетіп, қайта оралмады. Бұл менің әкем. Оны соңғы рет «Мәскеу» тұрғын үй кешені ауданынан, Уәлиханов пен Иманов көшелерінің қиылысынан көрген»,- делінген оның жазбасында.
Сәкеннің сипаттауынша, әкесі арықша келген, бурыл шашты, оң аяғын сылтып басады. Үстінде қара күртеше, қара-көк түсті джинсы болған.
«Өзімен бірге еш құжаты болмаған. Бұған дейін үйден кетіп қалған емес. Ол есін жоғалтуы немесе ауыр жағдайға душар болуы мүмкін», - деді ол.
Сонымен қатар Сәкен әкесі жайында қандай да бір ақпарат білушілерді мына телефон нөмірлеріне хабарласуын сұрайды: 8 707 848 43 26, 8 707 848 4328, 8 707 844 03 12, 7 778 590 93 17.