Жыл сайын елордаға шамамен 25 мың адам келетіндігін атап өткен ол: «Біздің орталықта ресми түрде 8046 жұмыссыз тіркелген. Оның шамамен 70 пайызын, яғни 5 мыңдайын жұмыссыз әйелдер құрайды. Жұмыссыздардың жалпы санының жартысынан астамы 29 жасқа дейінгі жастар. Демек, Астанада жұмыссыз әйелдер көп», - деді.
Оның атап өтуінше, елордада бухгалтер, шаштараз сынды мамандықтарға сұраныс мүлдем жоқ десе болады. Ал құрылысшы, электрик, сантехник сынды құрылыс саласының мамандықтары жетіспейді.
Өз кезегінде «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Жаңабергенов осындай жиындар кезінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асырудағы олқылықтарды шешуге баса назар аудару қажеттігін баса айтты. «Осы мәселелерді шешу үшін бағдарлама аясында мемлекет 1 млрд. теңгеден астам қаржы бөліп отырғандығын түсіну керек. Ертең Жұмыспен қамту орталығы, Халықты әлеуметтік қорғау және Білім беру басқармалары кінәлі болып шығуы мүмкін. Мемлекет берді, ал сіздер ешнәресе істей алмадыңыздар. Мен қоғамда отқа май құйып, «Қабілетсіздер, олар тіпті қолдарына ақша берсе де өздеріне жүктелген міндеттерді атқар алмайды», деп өре түрегелетіндердің бар екендігіне сенімдімін», - деді ол.