елордадағы Абай және Ш. Уәлиханов көшелерінің қиылысында «Toyota Рrevia» автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісін ұстады. Ұрлық пен есірткіге қатысты қылмысы үшін бұдан бұрын да сотты болған астаналық азаматтың көлігінен 234,69 грамм есірткі заты тәркіленді. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінен хабарланды.
ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары Жанат Битеновтың айтуынша, қазіргі күні аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүзеге асуда.
Бұдан бөлек, кеше Қызылорда облысы ІІД Есірткіге қарсы күрес арнайы бөлімшесінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Қызылорда-Құмкөл автотрассасының 25-і шақырымында 35 жастағы қызылордалықты ұстады.
Ақпаратқа сүйенсек, ұсталған азамат айдаладағы ашық алаңқайға есірткі өсімдігі болып табылатын қарасораны өсірумен айналысқан. ІІО қызметкерлері аталған аумақты қарау барысында ұсталған азаматтың арнайы егіп өсірген 1036 түп қарасора көшеттерін анықтады, сараптама қорытындысына орай, өсімдік есірткі түріне жатқызылды.
Қазіргі таңда ұсталған қызылордалық азаматқа қатысты «Есірткілік өсімдіктерді заңсыз өсіргендігі» бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 262- бабы, 2-тармағына сәйкес іс қозғалды.