Елордалықтар «Астана»-«Легия» қарымта кездесуін ашық аспан астында тамашалады
Бұл ойынды «Қазмедиа орталығының» алып экрандарынан тамашалау үшін жиналған елордалықтардың қарасы мол болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, «Астана» «Легия» командасына 0:1 есебімен жол берді. Бірінші кездесуде екі доп айырмасымен жеңіске жеткен Қазақстан чемпионының плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндігі мол болған еді. Букмекерлер матч алдында осылай топшылаған. Матчтың 76-минутында Якуб Червиньски баспен гол салып, есеп ашты - 1-0.
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің жеребе тарту рәсімі 4 тамызда өтеді. Турнирдің осы кезеңінде жеңілген күннің өзінде қазақстандық команда Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетуге мүмкіндік алады. Турнирдің бұл кезеңіне жолдама алған «Астана» командасының қарсыласы төмендегі клубтардың бірі болады: «Олимпиакос» (Грекия), «Селтик» (Шотландия), «Копенгаген» (Дания), АПОЭЛ (Кипр), «Марибор» (Словения).
Еске сала кетсек , ЭКСПО-2017 көрмесі аясында 5 тамыз күні елорданың «Астана Арена» стадионында «EXPO 2017 Football Cup» халықаралық футбол турнирі басталады. Елордалық стадионда Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, Португалия құрама командалары мен әлем құрамасы ойнайды. Турнирде Дино Баджо, Марко Дельвеккио, Нуну Манише, Жан-Пьер Папен, Роман Широков, Валерий Карпин, Александр Филимонов сынды әлемдік футболдың ардагер жұлдыздары өнер көрсетеді.