Биылғы денсаулық күнінің басты тақырыбы - «Жақсы денсаулық ғұмырға жас қосады» атты ұранмен ұйымдастырылып отыр.
Айта кетейік, дүниежүзілік осы атаулы күн Қазақстанда жыл сайын атап өтіледі. Өмір сүру сапасын және ұзақтығын жақсарту үшін денсаулық сақтау мен нығайту қағидаттары туралы халықты ақпараттандыруды арттыру мақсатында медицина ұйымдарында ашық есік күндері ұйымдастырылмақ.
«Менің Астанада жұмыс істеп жатқаныма бір жыл болды. Осы орайда айтарым, Қазақстанда денсаулық сақтау саласында елеулі бағдарламалар мен қадамдар жасалып жатыр. Ең бастысы ел азаматтарына денсаулық емхаларда емес, керісінше үйдегі және қоғамдағы салауатты өмір салтынан басталатынын түсіндіру керек. Сондықтан да, ұзақ ғұмыр кешу жолында өмір сүру сапасына назар аудару қажет», - деп атап өтті елордадағы акция барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі Мелита Вуйнович.