Бұқаралық спорттық шараға Қазақстанның 13 облысынан келген кәсіби велошабандоздармен қатар салауатты өмір салтын ұстанған әртүрлі жастағы елордалықтар да көптеп қатысты.
Еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да жарысқа қатысушылар сапынан табылып, бәсеке басталар алдында құттықтау сөз сөйледі. Ол веложарыстың отандық спорттық қозғалыстағы жарқын оқиғалардың біріне айналатындығына сенім білдірді.
Салтанат сарайы алдындағы алаңнан басталған жарыс «Сарыарқа» республикалық велотрегінде аяқталды. Дәл осы жерде жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етілді.