Елордалықтар иесіз қалған ит-мысықтарды асырап алуда

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада иесіз қалған ит пен мысықтардың жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі жәрмеңкені өткізуге себеп, жыл санап басқаламызда қараусыз қалған ит-мысықтардың саны көбейіп келеді. Бүгінде қаладағыиесіз қалған жануарларды паналату орталығында 700-ден астам ит пен мысық бар.Дегенмен ол орталықтың шамадан тыс жануарларды қабылдау мүмкіндігі жоқ. Негізіереже бойынша паналау орталығына келген, ит немесе мысықты 60 күн көлеміндеұстауға ғана рұқсат беріледі. Одан соң үшінші тұлғаға беру қажет. Осы мақсаттабүгінгі жәрмеңкені ұйымдастырудамыз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық ортасапасы және бақылау басқармасының баспасөз хатшысы Дана Тұрғынова.

Оның айтуынша, елорда тұрғындарының жануарлардыасырап алуға деген қызығушылықтары айтарлықтай жоғары емес.

«Бүгінгі көрмеге ветеринарлық тексеруден өткен,тазаланған ит пен пысықтар қойылды. Яғни барлығы бірдей жеткізілген жоқ. Дәлқазіргі уақытта 8 мысық және 3 ит өз иесін тапты. Егер келушілерден сұранысболып жатырса, қосымша әкелетін боламыз. Және оларды жеткізу мен жалпы осышараны ұйымдастыруға 10-нан астам ерікті белсенділік танытуда», - деді ол.

Сондай-ақ, басқарма өкілі ит пен мысықтарды асырапалушылармен келісімшарт жасалатынын да айтып өтті.

«Жануарларды алып, оның қызығы басылған соң, далағажібере салатын жайттар да кездесіп жатыр. Өкінішке қарай, ондай адамдар бар. Солүшін де біз әрбір жеке асырап алушымен келісімшарт жасасудамыз. Әрине олазаматтарды нақты бір нәрсеге міндеттемейді, мақсат – жануарды асырап алғаннанкейінгі жауапкершілікті сезіндіру. Және егер ол адам алған ит пен мысықты бізтауып алсақ, ол кісіге екіншілей жануар берілмейді», - дейді ол.

Басқарманың баспасөз хатшысының сөзіне сенсек,паналау орталығындағы жануарлардың барлығы карантин мен вакцинациялаудан өтіп,ветеренар маманның бақылауында.


Соңғы жаңалықтар