Жеңімпаздарды жариялау және марапаттау Елорда күніне орайластырылып отыр. 1-20 маусымда Астана қаласының ресми сайтында ашық халықтық дауыс беру өткізілді. Бүгін жеті мамандық бойынша үздіктердің есімі барша Қазақстанға белгілі болды. Атап айтқанда, үздік мұғалім Құрманбаева Майра 28 мың дауыс жинады. Елордалықтардың пікірінше, үздік дәрігер - Чичеров Кирилл. «Жол жөндеуші» аталымында Мүсеев Бекзат жеңіске жетті, «Учаскелік полиция инспекторы» Таумаханов Бауыржан, «Энергетик» аталымында Ищанов Олжас топ жарды. Ал Омаров Еркен үздік құрылысшы болса, Адаев Серік үздік «Қоғамдық көлік жүргізушісі» атанды. Еске салайық, «Астана таңдауы» байқауы алғаш рет екі жыл бұрын ұйымдастырылды, ол кезде қатысушылары үшін 30 мыңға жуық адам дауыс берген. Биыл 163 908 дауыс беріліп, рекорд орнатылды.
11:47, 23 Маусым 2014
Елордалықтар интернет дауыс беру арқылы қаланың 7 үздік маманын таңдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана таңдауы-2014» жалпы қалалық байқауының жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы astana.kz сайтына «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығынан хабарлады.