«Осы жылдың қазан айында 2,5 млрд теңге жарна аударды. Олардың қомақты бөлігі – 1,5 млрд теңге жұмыс берушілердің аударымдары, ал 920 млн теңгеге жуығы – жеке кәсіпкерлерден түскен жарна.
Сондай-ақ, МӘМС үшін бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) негізінде түскен жарна 8,4 млн теңгені құрайды. Бірыңғай жиынтық төлем жасау – әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға құқық береді.
Елордалық жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2020 жылдың 31 қазан аралығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін аударған жарналарының жалпы сомасы 52,4 млрд теңгені құрайды.
Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Сондықтан мобильді қосымшада сәйкессіздіктер анықталған жағдайда қордың елордалық филиалына хабарлауға болады.
Сондай-ақ, 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы байланысу керек.