Елордалықтар күйші Қаршыға Ахмедияровты еске алады

АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Ертең, 26 мамыр күні елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде халқымыздың сүйікті күйшісі болған ерекше дарын иесі Қаршыға Ахмедияровты еске алуға арналған кеш өтеді.

Осы кеште күйші шығармаларын домбырашы Ақбота Тұрымбетова орындайды.

Айта кету керек, Қаршыға Ахмедиярұлы 1946 жылғы 25 наурызда қазіргі Атырау облысы, Ма­хамбет ауданы, Таңдай ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Алматы мемлекеттік кон­серваториясының халық аспаптар факультетін бітірген. 1986-1988 жылдарда Мәскеу қаласында Жоғары дирижерлік курста оқыған. Туған халқына өшпес мұра қалдырған дарын иесі.

Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, дәулескер күйші-домбырашы, талантты композитор Қаршыға (Қаршымбай) Ахмедияров өткен жылы маусым айында 65 жасқа қараған шағында дүние салды.