Елордалықтар спорт күнін велосипедпен қарсы алды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. Қазақпарат – Спорт күнінің құрметіне елордалық тұрғындар 14 шақырымды велосипедпен жүріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтанқаласының Мәдениет және спорт басқармасы ұйымдастырған дәстүрлі веложарысқа 1мыңнан астам әуесқой қатысты. Олардың арасында ҚР Мәдениет және спорт министріАқтоты Райымқұлова, белгілі қоғам қайраткерлері, велоспорттың кәсіпқойлары даболды.


Қабанбай батырдаңғылынан жолға шыққан велошабандоздар Ұлы Дала көшесіне өтіп, әрі қарай Тұрандаңғылын бойлай келіп, Орталық саябақта мәреге жетті.

Елорда әкімініңорынбасары Бақтияр Мәкен қатысушыларды құттықтап, спорт мәдениеті халықарасында жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті.

«Бүгінгі веложарысжастарды спортпен айналысуға және салауатты өмір салтын насихаттауға септігінтигізді жеп сенемін. Барлық қатысушыларға сәттілік пен үлкен жеңістертілеймін», - деді Бақтияр Мәкен.

Мәреге жетіп, тіркеуденөткендер арасында ұтыс ойнатылып, жүлдеге велосипедтер мен естелік сыйлықтар тігілді.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін қазақстандықтарды Спорт күнімен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар