Елордалықтар табиғаттың тосын мінезіне бой үйретті

АНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Елордалықтар табиғаттың тосын мінезіне, жазда - қарына, қыста - жаңбырына да бой үйретті.

Бүгін Астана тұрғындары табиғаттың кезекті таңғажайыбына куә болды. Ауа райы күрт өзгеріп, 1962 жылы байқалған 0,5 градустық жылылық орын алды әрі жаңбыр жауды. Бұл ақпаратты «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі таратып отыр.

Жаңбыр арты шұғыл қарға айналып, қатты жел тұрды. Қазірдің өзінде температураның төмендеуі байқалады, кешке қарай -10 градус суық болатындығы күтілуде. Ал түнде -15 градус суық болмақ. Бұл жолдарда көктайғақ болуына әкеледі.

Сондықтан «Қазгидромет» жолдарда абай болуға және қаладан тысқары шықпауға кеңес береді.