Елордалықтар жиі ауыратын болды

None
АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Елорда тұрғындары жиі науқастана бастады.

Бұл ақпаратты Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы таратып отыр.  

Орталықтың алға тартқан деректеріне сәйкес, 2012 жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ауруға шалдығу 11,3 пайызға өскен. Бұл ретте елорда тұрғындары жүрек ауруымен дәрігерлердің көмегіне көп жүгінуде.

Медицина қызметіне жүгінген науқастардың 55 пайызы қан айналымы жүйесіне, 40 пайызы  ишимиялық жүрек ауруына шағымдануда. Сонымен қатар гипертонияға шалдыққандардың да саны 2 есеге көбейген.

Дәрігерлер әлеуметтік маңызы бар бірқатар ауру түрлерінің төмендеу үрдісінің де байқалып отырғандығын атап өткен. Атап айтқанда, елордалықтардың қант диабетіне шалдығуы 8,1, туберкулезге шалдығу 22 пайызға төмендеген.