Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мен Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығынан мәлім етті.
«2013 жылдың 17 мамырында 10.00-ден 16.00-ге дейін Артериалдық гипертониямен күрестің дүниежүзілік күні аясында адамдар көп жиналған жерлерде (бизнес-орталықтар, халыққа қызмет көрсету орталықтары) медицина қызметкерлері мен волонтерлер қан қысымын өлшейді»,- деп түсіндірді astana.kz сайтына ұйымдастырушылар.
Артериалдық гипертониямен күрестің дүниежүзілік күнін өткізудегі мақсат - жоғары қан қысымына және зардаптарына қатысты, оны асқындырмай емдеуді көздейтін мүмкіндіктерге байланысты халықты хабардар ету болып табылады. Сонымен қатар, әр адамды өзін-өзі бақылауға алып, қан қысымын үнемі өлшеуге дағдыландыруды, емделуге, салауатты өмір салтын ұстап, айналасындағыларға жағымды ахуал қалыптастыруға мүмкіндік туғызуды көздейді.