Елордалықтарға газға қосылу құнын төмендету үшін не істеліп жатыр
«Астана қаласында газ тарату желілерінің құрылысы үш кезекке бөлінген. 2021 жылы 1-ші кезектің құрылысы, сондай-ақ ішінара газдандырудың 2-ші кезегі бойынша жұмыстар аяқталды. Жұмыстың қалған 2 және 3-кезектері бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен 2022-2024 жылдарға жоспарланған», - деді ол қалалық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Оның дерегінше, бүгінгі таңда Көктал-1 және 2, Агроқалашық, «Железнодорожный», Промышленный, Оңтүстік-Шығыс оң және сол жақтары, Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный тұрғын алаптарында, сондай-ақ Потанин – Мәскеу көшесі, «Нұр-Бесік», «Ақбидай», «Қазақ ауылы» шағын аудандарында тұтынушыларды қосу толық қамтамасыз етілген.
«Газға 200 мыңға жуық тұрғыны бар 12 мың абонент қол жеткізді. 8 429 жеке жеке тұрғын үй, 1 газоблокты бұйымдар шығаратын зауыт, сондай-ақ 8 көппәтерлі тұрғын үй кешені газға қосылды», - деді Мақсат Есмағұлов.
Бөлім басшысының атап өтуінше, газ желілеріне қосылу құнын төмендету мақсатында әкімдік құны 100-ден 160 мың теңгеге дейін болатын халыққа есепке алу аспаптарын тегін береді.
Мұнан бөлек, Халық банкімен бірлесіп, 18 айға дейін бөліп төлеумен 750 мың сомада халыққа пайызсыз кредит беру бағдарламасы іске қосылған.
Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтары үшін (жасы бойынша зейнеткерлер; мүгедектер, мүгедек балалар; - көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасылар) үйді газға қосу бойынша 130 АЕК немесе 448 500 теңге мөлшерінде өтемақы төленеді.
«Сондай-ақ ЖЭО-1-де және ЖЭО-2-де 16 қазандық газға ауыстырылды. 17 әлеуметтік нысан қосылған. Қалған 3 әлеуметтік объект бойынша іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда қала бойынша 9 067 техникалық шарт беріліп, 20 мыңнан астам адамға кеңес берілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», - деді ол.