Аталған іс-шараның негізгі мақсаты - ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге үндеу.
Атап айтқанда, «Астаналық» (бұрынғы Артем) әмбебап базарында жүрек қан тамырлары ауруларын емдеу бойынша ашық есік күні өтеді. «Мега Астана» ойын-сауық орталығында №4 емхананың дәрігерлері глюкометрия аппаратының көмегімен қант диабеті мәселелері бойынша, ал №8 емханада дәрігерлер глаукома бойынша кеңес береді. Онкологиялық диспансер мамандары жатыр мойны және сүт безі обырын ерте анықтау туралы ақпарат береді. №1 және 2 перзентханалар мен перинатальдық орталықта балалардың туа біткен және тұқымқуалаушылық есту кемістігін анықтау бойынша ашық есік күні өтеді.