Елорданы газдандыру жұмысы жарты жылға кешігіп жатыр – Ербол Төлеуов

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданы газбен қамту үшін 9 іске қосу кешенін орнату қажет. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін 11 мердігер жыл басынан бері соттасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалықәкімдікте өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласының отын-энергетикалық кешен жәнекоммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуов осындай мәліметайтты.

«Елорданыгаздандыру жұмысы үш кезеңге бөлінген. Қазір бірінші кезеңге белгіленген жұмыстар жүріп жатыр. Оған қаланың ішінде 9 іске қосу кешенін салужобасы да кіреді. Ал «ҚазМұнайГаз»компаниясы Қызылордадан ұзындығы 1200 шақырым болатын құбыр тартып жатыр. Олар құбырды елордаға дейін жеткізіп береді.Ішкі желілерді біз салуымыз қажет. Осы желі тарту ісі бойынша бір проблема бар.Қаңтар айынан бері мердігер ұйымды анықтау мүмкін болмай отыр. Барлыққұжаттарын мемлекеттік сараптамадан өткізіп, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсжариялағанбыз. Бұл жобаны іске асыруға 11 компания ниетті. Қазір солар өзарасоттасып жатыр. Конкурстың нәтижесімен келіспей, қайта-қайта соттасуда. Осының кесірінен жобакешеуілдеп жатыр. Кестеден жарты жылға кешігіп келеміз деуге болады», - дегенбасқарма басшысы жыл аяғына дейін Көктал ауданында көгілдір отын беріледі дегенмәлімет айтты.

«Жалпыгаздардыру жұмысы 2019-2021 жылдарға межеленген. Дегенмен, жыл аяғына дейінКөктал ауданында көгілдір отын беріледі деген жоспар бар», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар