«Әлеуметттік желілерге мониторинг жүргізу барысында өзін «Капитан Карантин» деп атаған азаматтың тұрғын үй кешендерінің тұрғындарын үйде қалуы керектігі жайлы үндеу тастап жүргенін анықтадық. Оның кім екені анықталды. Ол – қала тұрғыны. Онымен төтенше жағдай режимін бұзбау туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен.
Анықталғандай, елордалық азамат Instagram-да Кapitankarantin атауымен аккаунт та ашқан. Бірақ ол жақында ғана құрылған. Онда ол тұрғындарға үйден шықпау керектігін ескертеді.