Елорданың 14 тұрғын үйі 5 сағат сусыз отырды - ТЖМ

None
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Елорданың 14 тұрғын үйі 5 сағат сусыз отырды», деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталмыш жағдай кеше, яғни 26-шы желтоқсан күні Астананың «Сарыарқа» ауданында 13-00-дер шамасында әбден ескіріп, шіріген су құбырының 300 милиметрдей жерінің жарылуы салдарынан орын алды. Нәтижесінде Затаевич көшесінің № 3/2, 12, 16, 8/1, 10,1 үйлері мен Р.Люксембург көшесінің № 2-4, үйлері сусыз қалды. Сғат 18-00-дер шамасында жөндеу жұмыстары аяқталып, тұрғын үйлер қайтадан толықтай сумен қамтамасыз етіле бастады. Төтенше жағдайды қалпына келтіруге «Астана су арнасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының апаттан құтқару бригадасынан 8 адам мен 4 техника тартылды.